«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматыда жаңа жылда бірден 458 кәсіпкердің құқығы қорғалды

2025 жылғы 08 Қаңтар
- Алматы қаласы
696 просмотров

Дереккөз: inbusiness.kz

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасына Наурызбай ауданының жеке кәсіпкерлері өтініш жолдады. Олардың атына 270.00 нысанындағы салық есептілігін ұсынбағаны туралы салық органдарының хабарламалары келіп түскен. Ал қолданыстағы заңнама бойынша декларацияның осы нысанын кәсіпкерлер тек 2025 жылы толтыруы тиіс.

Өңірлік палата кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау қызметі Наурызбай ауданының прокуратурасына мемлекеттік органның бұл әрекеттерінің заңсыздығы туралы сұрау салуды жолдады. Жүргізілген тексерулер мен ақпаратты талдау нәтижесінде қадағалау органы Мемлекеттік кірістер басқармасы бірден 458 кәсіпкердің құқықтарын бұзғанын анықтады.

«2024 жылы кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда жұмыс істейтін Қазақстанның барлық азаматтары 2023 жылғы 250.00 нысаны бойынша кірістер туралы декларацияны тапсыруға тиіс болды. 270.00 нысанын 2025 жылдың қыркүйек айының 15-не дейін  2024 жылдың қорытындысы бойынша тапсыру керек. Яғни, өткен жылы кәсіпкерлерге жіберілген хабарламалар заңсыз болып табылады. Прокуратура біздің сұрау салуымыз бойынша қадағалау актісін енгізді және фискалдық органның әрекеттері заңсыз деп танылды, соның салдарынан бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды», - деп түсіндірді өңірлік кәсіпкерлер палатасының заң бөлімінің бастығы Еркебұлан Бейімбет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер