«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының кәсіпорындарында жергілікті мамандар жұмыс жасауға тиіс

2014 жылғы 19 Маусым
- Қостанай облысы
10842 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында осындай ой айтты.

Атап айтқанда, ол өңірде машина жасаудың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. «СарыарқаАвтопром» кәсіпорнында Ssang Yong және Toyota маркалы автомобильдерді шығару жөнге салынған. Мұнда сонымен қатар шетелдік мамандар да жұмыс жасайды.

«Бүгінгі күні шетелден шақырылған мамандардың болашақта орнын баса алу үшін, өз кадрларымызды даярлауымыз керек. Кадрларды жергілікті жермен шектеу, дуалды білім беру – бұл сіз бен біз бірігіп шешуге тиіс маңызды мәселелер», - деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек, облыстың тоғыз колледжінде дуалды жүйе бойынша оқыту жүзеге асырылуда. 2014 жылғы қыркүйектен бастап Әулиекөл колледжінде Германияның Федералдық үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамымен бірлескен жоба жүзеге асырылмақшы. Жоба аясында мамандарды «фермер» және «мехатроника» неміс стандарттары бойынша оқыту жоспарланып отыр. Негізгі күш тәжірибелік машықтануға салынатын болады.

Сонымен қатар, облыста оқушылар арасындағы кәсіптік бағдар жұмысы дамытылған. Оқушылар үшін өңірдегі кәсіпорындар мен оқу орындарына экскурсиялар жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер