«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Көмек қандай болса – ет те сондай

2014 жылғы 04 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10285 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне берген сұхбатында «Нұр Жайлау НС» (Қостанай) ЖШС стратегиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Сәбит Қарабаев осындай ой айтты.

Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, бүгінде шешуін таппаған көптеген проблеманың болуы Қазақстандағы мал шаруашылығының тиімді дамуын тежеп отыр. Біріншіден, бұл қанағаттанарлықсыз ветеринарлық қызмет, санитарлық дәрігерлер мен зертханалық персонал біліктілігінің төмендігі. Бір зертхананың түрлі көрсеткіштер берген кездері де болған. Бұл індеттің етек алуына және мал өліміне, ет өнімдері арқылы халықтың ауруға шалдығуына, экспорттық әлеуеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

«Қазірде атқарушы және қадағалау жүйесінде мүдделер қақтығысы байқалып отыр. Сондықтан да нарықта бәсекелестік ортаны құру үшін, жеке зертханалар жасақтау, соның ішінде халықаралық зертханаларды тарта отырып жасақтау жауапкершіліктің көтерілуіне және сапалық көрсеткіштің жақсаруына әкелер еді», - деген ойда Сәбит Қарабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер