«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алтын сапа: Үздіктер бақ сынайды!

2016 жылғы 14 Маусым
- Қостанай облысы
8736 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлер «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысу үшін тезірек өтінім беруге шақырылды 

Үміткерлердің құжаттары 1 шілдеге дейін қабылданады.

Әзірге оларға жеңімпаздарды анықтайтын байқау шарттары мен белгі-өлшемдер түсіндірілуде. Кәсіпкерлер палатасы бұл тақырыпқа орай  «Атамекен» ҚР ҰКП мамандары қатысуымен оқу семинар ұйымдастырды.

Ең бастысы, жеңістен дәмелі үміткерлер құжат ұсынып, онда өз кәсіпорнының қызметін барынша мол және толық ашып көрсетілуі керек. Жеңімпазды анықтау кезінде сараптаушы топ міндетті түрде сапа менеджментінің сертификацияланған жүйесі бар-жоғына, өнімді экспорттау көлеміне, елдегі үлесіне, сондай-ақ мемлекеттік және бақылаушы органдар тарапынан талап-наразылық жоқ болуына көңіл бөледі.

«Егер кәсіпорын қайтадан қатысса, біз өндіріс серпініне, бұрынғы қатысу сәтінен бері жеткен көрсеткіштерге қараймыз. «Алтын сапа» және  «Қазақстанның үздік тауары»  конкурстарына  арналған белгі-өлшемдер  әрқилы,  бірақ біз өңірлерді аралап шығамыз және өз күштерін алғаш рет сынап отырған жаңа кәсіпкерлердің саны көбейгенін байқап отырмыз»,– дейді семинар лекторы, «Атамекен» ҰКП  сарапшысы Мәдина Мұқатова.

Биылғы жылы қостанайлықтар арасында да жаңадан іс бастаушылар көп.  «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының өңірлік кезеңінде Федоров ауданының «Шрейдер» ЖК бақ сынауда. Фирма он алты жыл бойы шұжық бұйымдарын шығарып келеді, оның дәмдік қасиеті жергілікті халықтың сүйіспеншілігіне бөленген. Қазір бизнесмен өтім географиясын ұлғайтып, қаланың супермаркеттеріне шығуды көздеуде. Конкурста жеңіп шығу – жақсы жарнама, өйткені, жеңімпаздың логотипін тауарды жылжыту үшін кейінгі төрт жыл бойы пайдалануға болады ғой .

Қатысу тәжірибесі мол және тағы да бірінші орыннан үміттілер қатарында «СарыаркаАвтопром» ЖШС бар. Өткен жылы «TOYOTA» маркалы автомобиль халыққа арналған ең жақсы тауар ретінде танылған еді, бұл жолы зауыт «JAC» маркалы автомобильін конкурсқа ұсынбақ. 

Бүгінгі таңда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысуға 12 үміткер, Президенттің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға 6 үміткер өтінім берді. Ұйымдастырушылар үміткерлердің әлі уақыты бар дейді. «Атамекен» ҚР ҰКП және өңірлік палаталар 2015 жылдан бастап ұйымдастырушылық іс атқаруда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер