«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Алтын сапа»: түсімен де, дәмімен де инновациялық өнім

2018 жылғы 05 Маусым
- Қостанай облысы
4142 просмотров

Қостанай облысындағы «Искра» шаруа қожалығында Құдайберген Бисимбаев картоптың жаңа сортын өсіреді. Сыртқы пішіні мен түрі басқа картоппен бірдей-ақ, бірақ оның іші таңдандырарлық. Өнім әдеттегі ақ-сары емес, күлгін түсті. Бірақ бұл да басты ерекшелік емес. Картоптың басқа сортына қарағанда, Денисов ауданындағы кәсіпкер өсірген өніміде қант мөлшері айтарлықтай төмен және пайдалы элементтері көп.

Құдайберген Бисимбаев бірнеше жыл бойы зерттей отырып, осы диеталық картопты өсіріп шығарды, бірақ ресми атау бермеді. Шаруа қожалығының басшысы әзірге «көк көз» деп атайды, сондай-ақ «инновациялық», «суперэкологиялық» деен атауларды жиі естуге болады. Өнімнің дәл осы қасиеті үшін «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға болады дейді Құдайберген Бисимбаев.

«1989 жылдан бері картоп өсіріп келемін. «Искра» шаруа қожалығы Қостанай облысында кеңес кезінен бері сақталған жалғыз қожалық. Осы жылдар бойы картоппен ғана айналыстым. «Көк көз» картобы көп жылдық зерттеудің нәтижесі. Пестицидтер мен гербицидтерсіз өсіріледі. Картоп құрамындағы қант мөлшері 4-5%, каратиноидтер мен антоциандарға бай. Емдік қасиеті жоғары. Зерттеуде анықтағандай күн сайын пайдалану онкологиялық ауруларды, атеросклерозды төмендетіп, қан тамырларын қатайтып, көздің көруін жақсартады, ағзадағы холестириннің жиналуын тоқтатады», - дейді жаңашыл кәсіпкер.

Экологиялық таза әрі пайдалы өнім мектептер мен балабақшаларға жеткізіледі. Көлемі ауқымды емес, бұл өнімнің өзіндік құнын арттырмау үшін жасалған.

Кәсіпкердің айтуынша небәрі 40 гектарға өсіріледі. Шаруа қожалығында 6 жұмысшы бар. Шаруа қожалығының басшысы картоптың бір келісін 80 теңгеден ұсынып отыр.

Ғажайып картопты Костанайда өткен «Алтын сапа» және Қазақстанның үздік тауары» байқауларына арналған семинарда таныстырып, дәмін таттырды. Дәмін татып көргендер картоптың дәмі әдеттегі кортоптай, тіпті дәмдірек әрі иісі де өткірірек сезіледі.

«Қостанай облысында осындай картопты өсірумен ешкім айналыспайды. Республика бойынша да аз деп ойлаймын. Көпшілік біліп, танығанын қалаймын. Әсіресе денсаулығы төмен адамдарға пайдасы зор», ­- дейді Құдайберген Бисимбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер