«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі


11/11
Металлургия - 5В070900
B171 - Металлургия
6B07220 Металлургия

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шымкент қаласы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.61
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.42
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.88
Жалпы бағасы 2.91
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 92500.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 76%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 3.20
1/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6B07201 Нефтегазовое дело

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Алматы қаласы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.95
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.45
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 1.00
Жалпы бағасы 3.40
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 325380.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 82%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.70
5/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6B07201 Нефтегазовое дело

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Батыс Қазақстан облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 2.04
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.41
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.70
Жалпы бағасы 3.15
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 248890.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 85%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 1.70
2/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07210 Нефтегазовый инжиниринг

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Маңғыстау облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.83
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.44
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 1.11
Жалпы бағасы 3.38
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 305601.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 76%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.20
3/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07204 Нефтегазовое дело

Торайғыров университеті

Павлодар облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 2.05
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.39
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.90
Жалпы бағасы 3.34
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 173648.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 93%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.20
4/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07204 Petroleum Engineerng

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Алматы қаласы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.92
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.44
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.81
Жалпы бағасы 3.17
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 213865.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 84%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 3.50
6/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07203 Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых месторождений

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Атырау облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.96
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.41
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.77
Жалпы бағасы 3.13
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 198747.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 83%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.10
7/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6B07216 Эксплуатация газонефтепроводов и газонефтехранилищ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шымкент қаласы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.72
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.45
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.96
Жалпы бағасы 3.13
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 116924.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 78%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 3.10
8/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07203 Нефтегазовое дело

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Қарағанды облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.84
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.41
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.86
Жалпы бағасы 3.10
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 106573.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 81%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.60
9/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6B07215 Эксплуатация и обслуживание объектов добычи нефти и газа

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шымкент қаласы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.73
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.44
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.91
Жалпы бағасы 3.08
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 134502.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 78%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 3.10
10/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6В07205 Проектирование и эксплуатация нефтегазопроводов и нефтегазохранилищ на суше и на море

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Атырау облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 2.00
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.36
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.70
Жалпы бағасы 3.07
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 198747.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 89%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 1.80
11/18
Мұнайгаз ісі - 5В070800
B271 - Мұнай-газ ісі
6B07211 Нефтегазовое дело

Баишев университеті

Ақтөбе облысы
Түлектердің мансаптық перспективасы бойынша бағасы (жұмыспен қамтылу және жалақы мөлшерін талдау) 1.93
Сараптамалық бағалау бойынша бағасы 0.43
Статистикалық деректер және студент жетістіктері бойынша бағасы 0.71
Жалпы бағасы 3.06
Медианалық еңбекақы (теңгеде) 87008.00
Жұмыспен қамтылу деңгейі (%) 85%
Жұмыс іздеу ұзақтығы (ай) 2.30
  • * "репрезентативті емес деректер". ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісін қалыптастыру әдістемесінің 5.4.2-тармағына сәйкес түлектерінің саны 5-тен кем білім беру бағдарламаларын есептеу нәтижелері репрезентативті емес болып табылады және тиісінше, рейтингте саралауға жатпайды.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) елдегі жоғары оқу орындарының (ЖОО) білікті түлектерін даярлау мен жұмысқа орналастыруда бизнес пен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      2. Әдістеме:

  • ЖОО-ларды түлекті жұмысқа орналастыру түрінде түпкілікті нәтижеге бағдарлауға;
  • гранттар мен бюджеттік қаражатты ЖОО-ларға тарату бойынша шешімдерді қабылдауға;
  • ЖОО-лардың бизнеспен байланысын нығайтуға;
  • білім беруден жұмыс берушінің қажеттілігіне сай келуге мүмкіндік беретін дағдыларды жинауға өтуге;
  • ЖОО түлегінің жұмысқа орналасуы мен жалақысының деңгейіне қарай, ЖОО беделінің көтерілуін ынталандыруға мүмкіндік беретін көп факторлық рейтингті қалыптастырады.  

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

  1. рейтинг – факторлардың (орташа өлшенген) сомасы, ол түлектердің статистикалық, сауалнамалық деректерін жинау және жұмыс берушілердің сараптамалық бағасы арқылы алынған индекстерден тұрады, басқалармен салыстырғанда, ЖОО-ның білім беру бағдарламасының жағдайын анықтайды;
  2. білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
  3. жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
  4. өлшемшарт – тікелей өзара әрекеттесу кезінде ЖОО-ның білім беру бағдарламасының жағдайына ықпал ететін шарт, мәселен, жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламасының халықаралық аккредиттелуі және т.б.;
  5. балл – өлшемшартты қалыптастыратын көрсеткіш;
  6.  сарапшы – білім беру бағдарламасы жататын кәсіби салада қызмет ететін жоғары деңгейлі маман (кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар).

      4. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) білім беру бағдарламаларының рейтингін сарапшылардың қатысуымен статистикалық және өзге де деректерді талдап және оның нәтижелері туралы есеп дайындап, жүргізеді. Білім беру бағдарламасының кәсіптік стандарттардың (болған жағдайда) және/немесе еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін орнату білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізудің негізгі мақсаты болып табылады. 

      5. Рейтинг үш кезеңмен жүргізіледі.

Деректердің талдауын жүргізу үшін материалдар жинау бірінші кезең болып табылады.

Екінші кезеңде сарапшылардың қатысуымен алынған материалдар бағаланады және талдау жүргізіледі, ЖОО-лар үшін ұсынымда әзірленеді.

Үшінші кезеңде нәтижелердің синтезі және білім беру бағдарламаларының рейтингін қалыптастыру жүргізіледі, кейіннен рейтинг нәтижелері «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

Білім беру бағдарламаларын бағалау жұмысын жүргізу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанында ақпаратты жинауға, талдауға және сараптамалық бағалауды жүргізуге жауапты жобалық кеңсе құрылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Жобалық кеңсесі ЖОО-лардың ұсынған деректері мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – БҒМ) деректерін салыстыру арқылы әр түрлі көздерден алынған деректердің дұрыстығын тексеру үшін талдау жүргізеді. 

      6. ҚР ЖОО-ларының білім беру бағдарламаларының рейтингін қалыптастыру кезінде орындар интегралдық индекстің мәніне қарай бөлінеді, рейтингке қатысушының орны бес баллдық жүйе бойынша анықталады, мұнда «10» -  ең жоғарғы, «0» - ең төменгі мәні.

ІІ. Бірінші кезең – деректердің талдауын жүргізу үшін материалдарды жинау

      7. ЖОО-лардың ұсынған деректері, сондай-ақ басқа ақпарат көздерінен жиналатын деректер білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізу үшін ақпарат көздері болып табылады.

         1) ЖОО-лардың ұсынатын деректері:

  1. растайтын құжаттар қоса беріліп, білім беру бағдарламасын қауымдастықтардың және/немесе жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу бойынша мәліметтер (2-қосымша);
  2. растайтын құжаттар қоса беріліп, соңғы 3 жылдың ішінде білім беру бағдарламасына жұмсалған инвестициялар туралы мәліметтер (3-қосымша);
  3.   мамандық бойынша ЖОО-ның құрылымынан тыс жұмыс тәжірибесімен ЖОО кафедраларының оқытушылар құрамының саны туралы мәліметтер (түйіндеме немесе еңбек кітапшасының/жұмыс өтілін растайтын өзге құжаттың көшірмесі қоса беріліп (4-қосымша);
  4. құжаттар топтамасын тапсыру сәтіне қарай қызмет ететін, білім беру бағдарламасының халықаралық аккредиттелгені бойынша мәліметтер (5-қосымша);
  5. білім беру бағдарламасы (ББ) және элективтік пәндер каталогы.

Жоғарыда көрсетілген деректерді жинау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП ЖОО-ларға деректерді жинау кезеңін, байланыс деректерін (телефон мен электрондық поштаның мекенжайы), материалдары қажет етілетін мамандықтардың тізімін көрсете отырып, хабарлама-хат жолдайды. Қажет болған жағдайда, алынған деректерді нақтылау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП қосымша материалдарды сұрата алады.

2) Басқа ақпарат көздерінен жиналатын деректер:

         a) Білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі – ЖБББЖ) ЖОО-лардың 2017 жылғы (2017 жылғы түлектер болмаған жағдайда, 2016 жылғы түлектер туралы ақпарат ұсынылады) түлектері бойынша алынған деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, бітірген жылы), (ЖОО-ның түлектері болмаған жағдайда, ЖОО-ның бұл бағдарламасы рейтинг тізімінен алынып тасталады); 

         b)Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – ЗТМО) 2017 жыл үшін (2017 жылғы түлектер болмаған жағдайда, 2016 жылғы түлектердің деректеріне сұрау салынады) мамандық бойынша ЖОО-лар түлектерінің орташа жалақылары туралы алынған деректер;

         c) 2017 жыл (2017 жылғы түлектер болмаған жағдайда, 2016 жылғы түлектердің деректеріне сұрау салынады) үшін мамандық бойынша ЖОО-лар түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы ЗТМО деректерімен расталған проценттік арақатынастағы мәлімет; 

         d) телефон арқылы сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша түлектердің толтырылған сауалнамалары (6-қосымша).


Білім беру бағдарламасына инвестициялар деп білім беру бағдарламасын дамыту мен жақсартуға жұмсалған қаражат, салымдар саналады: жабдықты, әдебиетті сатып алуға, аталған мамандық бойынша зертхананы жабдықтауға, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын  пәндер бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражат және материалдық базаға (үй-жайларды, жиһаз, кеңсе тауарларын сатып алуға не жалдауға), жалақы қорына және аккредиттеуден өтуге жұмсалған қаражатты қоспағанда, тағы да басқалар.


III. Екінші кезең – жиналған материалдарды бағалау және талдау

      8. Рейтинг 12 өлшемшарт бойынша жүргізіледі. Әрбір өлшемшарт бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес балл қойылады.

ЖОО және ҚР БҒМ ұсынған білім беру бағдарламаларының рейтингі үшін өлшемшарттар мен баллдардың осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес салмақтық мәні бар.

      9. «Атамекен» ҚР ҰКП Жобалық кеңсесі ЖОО және ҚР БҒМ ұсынған материалдарға сәйкес білім беру бағдарламаларының рейтингін мынадай өлшемшарттар бойынша іске асырады:

  1.  «білім беру бағдарламасын қауымдастықтардың қатысуымен әзірлеу»;
  2. «білім беру бағдарламасын жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу»;
  3. «білім беру бағдарламасына инвестициялар»;
  4. «оқытушылар құрамының аталған салада практикалық (өндірістік) жұмыс тәжірибесінің саны»;
  5. «білім беру бағдарламасының халықаралық аккредиттелуі»;
  6. «түлектер жалақысының медианасы»;
  7. «жұмысқа орналасқан түлектердің проценті».

      10. «Атамекен» ҚР ҰКП Жобалық кеңсесі «Түлектердің арасында сауалнама жүргізу нәтижелері» өлшемшарты бойынша білім беру бағдарламасының рейтингін түлектердің толтырылған сауалнамаларының нәтижелері бойынша  жүзеге асырады.

      11. Сарапшылар білім беру бағдарламаларының рейтингін мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:

  1.  «Тақырыптардың толық болуы»;
  2. «Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттардың) жеткілікті болуы»;
  3. «Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы»;
  4. «Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі (жаңалығы)».

       12. «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламасының сараптамасын жүргізу үшін білім беру бағдарламасы жататын кәсіби салада деңгейі жоғары мамандар (кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар) болып табылатын сарапшылар тобын құрайды. Бағалау дұрыстығы мен толық болуына қол жеткізу үшін ЖОО-ның бір білім беру бағдарламасы бойынша бұл саладағы кемінде үш сарапшы тартылады.

       13. Сарапшыларды іріктеу өлшемшарттары – олардың біліктілігі, жұмыс өтілі, сараптама мәніне сай келетін бейін бойынша басшы лауазымда жұмыс тәжірибесі қошаметтеледі.

         Сарапшы жұмысының негізгі принциптері адалдық, жауаптылық, ұқыптылық, ұсынылған материалдармен жұмыс істеу кезінде құпиялылықты сақтау болып табылады. 

       14. Сарапшы бағалау дұрыстығы мен объективтілігі, өз ұсынымдары, сараптаманы жүргізу және шоғырландырылған ұсынымды даярлаған кезде бағалау парағын уақытында ұсыну үшін жауапты болады.

       15. Сарапшы «Атамекен» ҰКП-дан бағалау мәніне жататын қосымша материалдарды, деректерді, құжаттарды сұратуға және алуға, білім беру бағдарламасының сапасы туралы өз пікірін білдіруге және оны негіздеуге құқылы.

       16. ЖОО-лардың ұсынатын білім беру бағдарламаларын бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.


«Оқытушылар құрамының аталған салада практикалық жұмыс тәжірибесінің саны» өлшемшарты бойынша бағалау баллын есептеу үшін түйіндемеде жұмыс орнын, лауазымын және қызмет еткен жылдарды көрсету қажет .


IV. Алынған деректер бойынша білім беру бағдарламаларын бағалау және рейтингті қалыптастыру

  1. «Білім беру бағдарламасын қауымдастықтардың қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

К1i – ЖОО-ның «білім беру бағдарламасын қауымдастықтардың қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

ai – «білім беру бағдарламасын қауымдастықтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты бойынша ЖОО-ның ұсынған статистикалық деректері;

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(а1;а2;…аn) – ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең төменгі мән;

МАКС(а1;а2;…аn) – ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең жоғарғы мән.

  1. «Білім беру бағдарламасын жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

К2i – ЖОО-ның «білім беру бағдарламасын жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

ri – «білім беру бағдарламасын қауымдастықтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу» өлшемшарты бойынша ЖОО-ның ұсынған статистикалық деректері;

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(r1;r2;…rn) – ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең төменгі мән;

МАКС(r1;r2;…rn) – ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең жоғарғы мән.


Білім беру бағдарламасына инвестициялар деп білім беру бағдарламасын дамыту мен жақсартуға жұмсалған қаражат, салымдар саналады: жабдықты, әдебиетті сатып алуға, аталған мамандық бойынша зертхананы жабдықтауға, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын  пәндер бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражат және материалдық базаға (үй-жайларды, жиһаз, кеңсе тауарларын сатып алуға не жалдауға), жалақы қорына және аккредиттеуден өтуге жұмсалған қаражатты қоспағанда, тағы да басқалар.


  1. «Білім беру бағдарламасына инвестициялар» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

К3i – ЖОО-ның «Білім беру бағдарламасына инвестициялар» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

bi – «Білім беру бағдарламасына инвестициялар» өлшемшарты бойынша ЖОО-ның ұсынған статистикалық деректері;

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(b1;b2;…bn) – білім беру бағдарламасына инвестициялар бойынша ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең төменгі мән;

МАКС(b1;b2;…bn) – білім беру бағдарламасына инвестициялар бойынша ЖОО-лардың ұсынған статистикалық деректері арасында ең жоғарғы мән.

20. «Оқытушылар құрамының аталған саладағы практикалық (өндірістік) жұмыс тәжірибесінің саны» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

К4i=Ф1i*mn+Ф2i*me, мұнда

К4i – ЖОО-ның «Оқытушылар құрамының аталған саладағы практикалық (өндірістік) жұмыс тәжірибесінің саны» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

Ф1i – ЖОО-ның «аталған салада жұмыс өтілі бар оқытушылардың саны» факторы бойынша бағалау баллы;

 mn – жалпы баллда Ф1i салмағы;

Ф2i – ЖОО-ның аталған салада жұмыс өтілі бар оқытушылардың жұмыс тәжірибесінің саны факторы бойынша бағалау баллы;

me – жалпы баллда Ф2i салмағы.

, мұнда

ci – ЖОО-лардың ұсынған, кафедралардың оқытушылар құрамының түйіндемесінен статистикалық деректер, жұмыс өтілі бар оқытушылардың саны;

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(с1;с2;…сn) – ЖОО арасында жұмыс өтілі бар оқытушылардың санынан ең төменгі мән;

МАКС(с1;с2;…сn) – ЖОО арасында жұмыс өтілі бар оқытушылардың санынан ең жоғарғы мән.

, мұнда

di – ЖОО-лардың ұсынған, кафедралардың оқытушылар құрамының түйіндемесінен статистикалық деректер, аталған салада жұмыс өтілі бар оқытушылардың жалпы жұмыс тәжірибесінің саны (жылдар);

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(d1;d2;…dn) – ЖОО арасында жұмыс өтілі бар оқытушылардың жалпы жұмыс өтілінен ең төменгі мән;

МАКС(d1;d2;…dn) – ЖОО арасында жұмыс өтілі бар оқытушылардың жалпы жұмыс өтілінен ең жоғарғы мән.

         21. «Білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

К5i=ЕСЛИ(ei="Да";10;0), мұнда

К5i – ЖОО-ның «Білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

ei – ЖОО-ның ұсынған статистикалық деректері;

n – білім беру бағдарламасын бағалауға қатысатын ЖОО-лар саны.

         22. «Түлектер жалақысының медианасы» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

К6i – ЖОО-лардың «Түлектер жалақысының медианасы» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

Ji –  аталған мамандық бойынша түлектер жалақысының ЗТМО-дан алынған медианасы;

n – білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысатын ЖОО-лар саны;

МИН(J1; J2;… Jn) – ЖОО-лар түлектерінің жалақы медианасының ең төменгі мәні;

МАКС(J1;J2;…Jn) – ЖОО-лар түлектерінің жалақы медианасының ең жоғарғы мәні.

Ji=МЕДИАНА(h1;h;2;…;hi) , мұнда

hi – аталған мамандық бойынша ЖОО-ның жұмысқа орналасқан түлегінің жалақысының мөлшері.

         23. «Жұмысқа орналасқан түлектердің проценті» өлшемшарты мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

К7i – ЖОО-лардың «Жұмысқа орналасқан түлектердің проценті» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

ngw – жұмысқа орналасқан түлектердің ЗТМО-дан деректермен расталған саны;

ng – аталған мамандық бойынша ЖОО-лар түлектерінің саны.

         24.  «Түлектердің арасында сауалнама жүргізу нәтижелері» өлшемшарты  мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

K17i — ЖОО-лардың «Түлектердің арасында сауалнама жүргізу нәтижелері» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

F1i – ЖОО түлектерінің бағалары бойынша «Қанағаттанушылық» факторы бойынша жалпы баға;

F2i – ЖОО түлектерінің бағалары бойынша «Жұмысқа орналасу проценті» факторы бойынша жалпы баға;

F3i – ЖОО түлектерінің бағалары бойынша «Тиімділік» факторы бойынша жалпы баға. 

«Қанағаттанушылық» факторы бойынша балл мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

P11i – ЖОО түлектерінің оқу процесіне қатысты берген бағасы;

P12i – ЖОО түлектерінің теориялық білімдерге қатысты берген бағасы;

P13i – ЖОО түлектерінің жалпыға ортақ білімге қатысты берген бағасы;

P14i – ЖОО түлектерінің практикалық және қолданбалы білімдеріне қатысты берген бағасы;

P15i – ЖОО түлектерінің оқытушылық және профессорлық құрамға қатысты берген бағасы.

«Жұмысқа орналасу проценті» факторы бойынша баға мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

P21i – ЖОО түлектерінің жұмыс іздеуге жұмсаған уақыты бойынша берген бағасы;

P22i – ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу кезінде оқу пәндерінің керектігі бойынша берген бағасы.

«Тиімділік» факторы бойынша баға мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

P31i – ЖОО түлектерінің теориялық білімдердің тиімділігі бойынша берген бағасы;

P32i – ЖОО түлектерінің жалпыға ортақ білімдердің тиімділігі бойынша берген бағасы;

P33i – ЖОО түлектерінің практикалық және қолданбалы білімдердің тиімділігі бойынша берген бағасы;

P34i – ЖОО түлектерінің оқу пәндерінің жұмыста керектігі бойынша берген бағасы.

         25. Сарапшы «Тақырыптардың толық болуы»; «Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттың) жеткілікті болуы»; «Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы»; «Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі (жаңалығы)» деген өлшемшарттарды № 2-кестеге сәйкес нысан бойынша қояды.

         26. «Тақырыптардың толық болуы»; «Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттың) жеткілікті болуы»; «Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы»; «Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі (жаңалығы)»  өлшемшарттары бойынша түпкілікті бағалау баллы ретінде сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша орташа мән алынады .

№2-кесте. ББ және ЭПК модульдерінің мазмұнын бағалау парағы

Модуль не пән атауы

сағаттар

 

1 – 4-факторлар

 

курс

1. Тақырыптардың толық болуы

 Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттардың жеткілікті болуы

3. Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы

Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі  (жаңалығы)

Түсініктеме

 

 

 

 

 

 0-ден бастап 10-ға дейін баллмен бағаланады

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

 

         27. Білім беру бағдарламаларын бағалаудың қорытынды баллы мына формула бойынша есептеледі:

Кi=К1i*m1+К2i*m2+К3i*m3+К4i*m4+К5i*m5+К6i*m6+К7i*m7+К8i*m8+К9i*m9+К10i*m10+К11i*m11+К12i*m12 , мұнда

m1 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К1i салмағы;

m2 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К2i  салмағы ;

m3 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында  К3i салмағы;

m4 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К4i салмағы;

m5 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К5i салмағы;

m6 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К6i салмағы;

m7 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К7i салмағы;

m8 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К8i салмағы;

m9 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К9i салмағы;

m10 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К10i салмағы;

m11 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К11i салмағы;

m12 – білім беру бағдарламасын бағалаудың қорытынды баллында К12i салмағы;

К9i – ЖОО-ның «Тақырыптардың толық болуы» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

К10i – ЖОО-ның «Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттың) жеткілікті болуы» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

К11i – ЖОО-ның «Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы» өлшемшарты бойынша бағалау баллы;

К12i – ЖОО-ның «Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі (жаңалығы)» өлшемшарты бойынша бағалау баллы.

V. Үшінші кезең – нәтижелер синтезі және білім беру бағдарламаларының рейтингін құру

Үшінші кезеңде жобалық кеңсе нәтижелер синтезін және білім беру бағдарламаларының рейтингін қалыптастырады және оларды «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жариялайды.

Жобалық кеңсе ЖОО-лардың ұсынатын білім беру бағдарламаларын бағалау нәтижелері туралы қорытындыны осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды.

 

Қазақстан Республикасының

жоғары оқу орындарының

 білім беру бағдарламаларының рейтингін

 жүргізу жөніндегі әдістемеге 1-қосымша

 

 

Интегралдық балл 100%

Статистикалық деректер 53%

Эмпирикалық деректер 7%

Сараптамалық баға 40%

Білім беру бағдарламасын қауымдастықтардың қатысуымен әзірлеу 

5%

Түлектер жалақысының медианасы

14%

Түлектердің арасында жүргізілген сауалнама

7%

Тақырыптардың толық болуы

10%

Білім беру бағдарламасын жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеу

5%

Жұмысқа орналасқан түлектердің проценті

14%

Пәнді меңгеруге бөлінетін уақыттың (сағаттардың) жеткілікті болуы

10%

Білім беру бағдарламасына инвестициялар,

теңгемен

5%

Білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу

5%

Тақырыптардың өзектілігі, жаңалығы және еңбек нарығында қолданылуы

10%

Оқытушылар құрамының аталған салада практикалық жұмыс тәжірибесінің саны

5%

Оқуға ұсынылатын әдебиеттің (ақпарат көздерінің) өзектілігі

10%

Математика                                

Физика               

Информатика                                

Химия                 

Биология                          

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу                                     

Қазақ тілі мен әдебиеті                                            

Шет тілі: екі шет тілі                                   

Педагогика және психология                               

География                                        

Тарих                                  

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі                                  

Орыс тілі және әдебиеті                                          

Кәсіптік оқыту                                

Бейнелеу өнері және сызу                     

       

Математика (жаратылыстану ғылымдары)                                                             

Информатика (жаратылыстану ғылымдары)                                                            

Физика (жаратылыстану ғылымдары)                                                                            

Химия (жаратылыстану ғылымдары)                                                              

Биология (жаратылыстану ғылымдары)                             

Экология (жаратылыстану ғылымдары)         

Биотехнология                                                             

Автоматтандыру және басқару                                                           

Ақпараттық жүйелер                                                

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету                                                  

Математикалық және компьютерлік пішімдеу                                                         

Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау                                                            

Тау-кен ісі                                                        

Мұнайгаз ісі                                                    

Металлургия                                                 

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы                                                        

Геодезия және картография                                                 

Машина жасау                                                          

Көлік, көлік техникасы және технологиясы                                                 

Аспап жасау                                                   

Жылуэнергетика                                                         

Электр энергетикасы                                

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы                                            

Органикалық заттардың химиялық технологиясы                                   

Техникалық физика                                    

Технологиялық машиналар мен жабдықтар                               

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы                                         

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы                                             

Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)                                          

Құрылыс                                          

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру                                 

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)                               

Көлік құрылысы                                           

Инженерлік жүйелер мен желілер                   

Агрономия                                      

Малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы                               

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау                                          

Су ресурстары және суды пайдалану                               

Аграрлық техника және технология                                

Орман ресурстары және орман шаруашылығы                                        

Топырақтану және агрохимия                             

  1. Автоматтандыру және басқару
  2. Биотехнология 
  3. Есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету 
  4. Геодезия 
  5. Тау ісі
  6. Инженерлік жүйелер және желілер
  7. Машина құрау
  8. Математикалық және компьютерлік модельдеу
  9. Теңіз техника
  10. Мұнай және газ ісі
  11. Пайдалы қазбаларды байыту
  12. Аспап құрастыру
  13. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  14. Стандарттау және сертификаттау
  15. Құрылыс
  16. Жылу энергетикасы
  17. Техникалық физика
  18. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және жобалау
  19. Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы 
  20. Көлік құрылысы
  21. Көлік, көліктік техника және технология
  22. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  23. Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  24. Электроэнергетика
  25. Ақпараттық жүйелер
  26. Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барла
  27. Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  28. Металлургия
  29. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  30. Технологиялық машиналар және жабдықтар
  31. Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы
  32. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  33. Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

 


Білім беру бағдарламаларының рейтингісінің жобалық офисі

Молдашев Ризуан Өтешұлы

Әдіскер

Жарылқасын Айдана Арманқызы

Жоба менеджері

Файзуллина Замзагуль Алибековна

Жоба басшысы

Мергенбаев Адиль Кайрдинович

Талдаушы-әдіскер

Негметова Айганым Батырбековна

Жоба менеджері

Рахимжанова Анеля Романовна

Жоба менеджері

Мемешов Бауыржан Сансызбайұлы

Жоба менеджері

Рахимжанов Мухтар Канатович

Талдаушы

Маханбетәбдиев Нұрсұлтан Маханбетәбдіұлы

Жоба менеджері

Еншілес ұйымдар

Серіктестер